The Finiko қаржы пирамидасының басшысы Түркияда ұсталды

  • 5
  • 14.09.2026, 16:08

The Finiko қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған күдікті елге қайтарылды. Күдіктіні Түркияда жүрген жерінен, сол жақтың құқық қорғау органдарының өкілдері ұстаған. Ол 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Операцияны Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратурамен және Интерполдың орталық бюросымен бірлесіп жүргізді. 

Тергеу барысында «The Finiko» кәсіпкерлік немесе инвестициялық қызметпен айналыспағаны анықталды. Бұрын тартылған қатысушыларға төлемдер жаңа салымшылардан түскен қаражат есебінен жасалған. Осы тәсіл табыс түсіп жатқандай көрініс туғызып, азаматтардың қаражатын одан әрі тартуға мүмкіндік берген.

Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:

- Күдіктінің заңсыз әрекетінің салдарынан қаржы пирамидасының салымшыларының 160 млн теңгеден астам қаражаты тартылған. Сонымен қатар тәркілеу аясында күдіктіге тиесілі құны 221 млн теңге болатын жер телімі мемлекет кірісіне алынды. Бұған дейін осы қылмыстық іс бойынша 3 адам мүлкі тәркіленіп, 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат ҚР-ның Қылмыстық Кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.