Өнер иелері үйде жұмыс істеуде
Ал Нұрмұхан Жантөрин атындағы драма театрының қойылымдарын әлеуметтік желілерден тамашалауға болады. Көрермен үшін күнде тікелей эфир арқылы 4 спектакль қойылады. Театр ұжымы коронавирус профилактикасы кезінде қашықтықтан жұмыс істеуге көшті. Әртістер жаңа спектакльге үйінде отырып, дайындалуда. Шығармашылық топ үшін бұл қиын болғанымен, оның есебін тапқан. Ұялы телефондары арқылы онлайн қосылып, кезекпен сөздерін оқиды. Бас режиссер де диалогтарды тыңдап, телефонымен бақылайды. «Ал костюмдермен жұмыс, жарық қою, гримдеу ісі төтенше жағдай аяқталған соң жасалады», – дейді театр директоры.
Нұрнияз Мұханов, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының директоры:
- Еліміздің амандығы, жақсылығы үшін қашықтықтан жұмыс істеп жатырмыз. Instagram желісінен тікелей эфирге бір әртіс кіреді де бір спектакльді оқиды. Қалғандары тыңдап отырады. Бұл бізде «үстел үстіндегі оқу» деп аталады. Бүгінгі таңда қойылымға керек емес адамның бәрін үйде демалдырып, керек уақытта шақыртып алып, қызмет істеудеміз.