Спорт және мәдениет саласы өкілдерінің қатысуымен 600 онлайн іс-шара өтеді
Бүгінге дейін олар көп рет қолдануға арналған 20 мың дана масканы медициналық ұйымдарға табыстапты. Бұл туралы еліміздің Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова онлайн-брифинг кезінде мәлімдеді. Ведмоства тарапынан төтенше жағдай кезеңінде қолға алынған жоба жалғыз бұл емес. Бүгінге дейін әртіс, әнші және спортшылардың қатысуымен 600 іс-шара ұйымдастырылған.
Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мəдениет жəне спорт министрі:
– Төтенше жағдайға байланысты елімізде жоспарланған 15 халықаралық спорт жарысының мерзімдері кейінге шегерілді. Сонымен қатар барлық спорт федерациясына биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында ел аумағында шетелдік спортшылардың қатысуымен спорттық жарыстардың өткізу уақытын өзгерту туралы ұсыныс жасалып, өзгертілді.