ЮНЕСКО бастамасымен биыл дүниежүзінде Абайдың 175 жылдық мерейтойы аталып жатыр
Алайда пандемияға байланысты олар онлайн өтті. ЮНЕСКО ұйымының бас директоры Одри Азуле Үндеу жасап, Абайдың 150 жылдық мерейтойы да ЮНЕСКО-ның қатысуымен өткенін еске салды.
Ұйым басшысы Абайды бүкіл әлемнің ақыны деп атады. Өйткені хакім Орталық Азия, Ресей мен Батыс елдерінің әдебиетін жіті зерттеп, Гёте, Байрон және Пушкин шығармаларын қазақ тіліне аударған болатын.
Одри Азуле, ЮНЕСКО бас директоры:
– Бүкіл ғаламымыз қиын кезеңді бастан кешіп, санитарлық, әлеуметтік, ағарту және мәдениет секілді көптеген салаларда дағдарысқа ұшыраған тұста, Абайдың Үндеуі өте өзекті болып тұр. «Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі», – деп айтқан еді. Біз осы қыстың аяқталуына дайын болуымыз керек. Абай өмірбойы бейбітшілік пен адамгершілікке үндеп келді. ЮНЕСКО және Қазақстан Республикасы бірлесіп, осы өсиетін абыроймен орындап жатыр.