Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасында Талғат Мұсабаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған фильм көрсетіледі

«Путь освещенный мечтой» деп аталатын туынды ғарышкер Талғат Мұсабаевтың 70 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Фильм авторлары аты аңызға айналған жанның жұлдызға апарар өміржолын тұтас қамтуға тырысқан. Мұсабаевпен қызметтес болған жандардың, ғарышкерлердің, туған-туыстарының естеліктері оның адамгершілік, батылдық, отансүйгіштік қырын аша түседі.

Фильм бала Талғаттың балаң армандарына шегініс жасаудан басталған. Осы арқылы кез келген мақсатқа жетудің алғашқы қадамы адамның алға қойған биік арманында екені көрсетіледі. Бірақ ғарышкердің жұлдызға барар жолы жеңіл болмады. Деректі фильмде оның алдынан кесе-көлденең шыққан кедергілер де ашық айтылады. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысты пікірі үшін Талғат Мұсабаевтың ұшуына тыйым салынғанын біреу білсе, біреу білмес.

Деректі фильмді бүгін біздің арнадан 22:15-те тамашалай аласыздар.