Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасында «Хит жазамыз» бағдарламасы экранға шығады

Құрамына ақын, сазгер мен ән өңдеуші кірген шығармашылық топтар «Хит жазамыз» бағдарламасында бақ сынайды.

Қазылар алқасы арнайы тақырып береді. Сол бойынша 45 минуттың ішінде шығармашылық топ ән жазып шығуы тиіс.

Сондай-ақ жобаға жаңа туындыны орындау үшін танымал әншілер қатысады. Ал келесі айналымға өтетін қатысушыны қазылар алқасы таңдайды. Шығармашылық топ ән жазып жатқанда бағдарлама жүргізушілері Төреғали Төреәлі мен Ғазиз Ерболат әншілермен тарих пен мәдениет тақырыбында викторина жүргізеді.

Бағдарламаның алғашқы шығарылымы – 17 қаңтар күні сағат 19.45-те көрсетіледі.

Салтанат Аякенова, жобаның бас продюсері:

– Осы бағдарлама арқылы біз көрерменге жақсы мәтіні бар, жақсы әнімен жазылатын ән сыйлауға мүмкіндігінше атсалыстық деп ойлаймын Бас жүлдеміз – жеңген адамға бейнебаян түсіріп береміз. Сол біздің бағдарламада жазған әні үшін. Және де екінші орынға Дубайға билет береміз.