Grammy сыйлығының иегері Иманбек Зейкен туған жеріне оралды
Өнерімен әлемді мойындатқан атақты музыкант жастармен кездесті. Барлық сән-салтанатымен қарсы алған жерлестерімен өз жоспарларымен бөлісті. Қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға алғысын білдірді.
Елордадан арнайы келген өкілдер Иманбекке Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың құттықтауын жеткізді. Ақсу қаласының әкімі арқасына шапан жапты. Ал облыс әкімінің атынан 2 миллион теңгенің сертификаты мен Құрмет грамотасы табыс етілді. Иманбек жүлдесіне берілген көрімдікті қайырымдылыққа жұмсайтынын айтты.