«Өнер барысы 2021» мега жобасы мәресіне жетті
Арнамыздың тікелей эфирінде отандық шоу-бизнестегі балуандар анықталды. Осымен үшінші мәрте көрерменге жол тартқан «Өнер барысы» бұған дейін Елордада және Алматыда ұйымдастырылса, бұл жолы Шымкентте өтті. Биылғы жарыс қазақтан шыққан тұңғыш кәсіпқой балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналып отыр. Балуан бабасының жолын жалғастырар сайыскерлер өнерпаздар арасында да аз емес екен. Дүбірлі додада төрт салмақ бойынша 20 балуан бақ сынасты. Арасында танымал актерлер, әншілер және вайнерлер бар. Сонымен 74 келі салмақ бойынша – Асылхан Төлепов, 82 келі салмақта Арман Қоңыр «Өнер барысы» атанса, 90 келі салмақта – Еркебұлан Дайыров, ал 90-нан жоғары салмақта Тәуекел Мүсілім жеңімпаз атанды.
Сырымбет Бибосынов, «Өнер барысы» жобасына қатысушы:
- Қарсыластардың барлығын сыйлаймын, құрметтеймін. Олардың барлығы үлкен дайындықпен келген, оңайы жоқ. Біз қазақпыз. Қазақ күресі біздің қанымызға сіңген. Кішкентайымыздан күреспен айналысып жүрген соң, бізге бұл қиын болмайды, әрине.
«Өнер барысы 2021» мега жобасының толық нұсқасы осында.