Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы құпия архив қорларын ашу үшін комиссия құрылады
Мемлекеттік хатшының төрағалығымен өткен кездесуде осындай шешім қабылданды. Қырымбек Көшербаев ведомстволық және мемлекеттік архивтердің қызметін жетілдіруге бағытталған бірқатар тапсырма берді. Ғалымдар мен зерттеушілердің жұмысы үшін қолайлы жағдай жасау жайы да айтылды.
Сондай-ақ басқосуда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия қызметінің ақпараттық стратегиясын қалыптастыру қажеттігі алдағы күндердің жоспарына енді.
Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
- Бүгінгі таңда мемлекеттік комиссияға кіретін ғалымдар зерттеулерін бастап кетті. Жұмыс топтарының әдіснамасы мен тақырыптары бекітілді. Мемлекеттік комиссияның қызметін үйлестіру үшін арнайы жобалық офис құрылған, оның құрамына ғалымдар, зерттеушілер және мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.