Рухия Байдүкенова: мен Димашқа сенген жоқпын, тек өзіме сендім
Бұл сұраққа әнші қыздың өзі Хабар SHOW Youtube арнасына берген сұхбатында жауап берді.
«Ол кісінің қазылар алқасында болатынын мен білдім. Бірақ барлығы әділ болуы керек екенін басынан айттық. Себебі ол кісі де әртіс, ол кісі де жас. Мен де өтірікпен өмір сүре алмайтын адаммын. Бірақ мен өз-өзіме барынша дайындаламын деп уәде бердім. Бұл байқауға қатысқаным өзім үшін емес, халықтың да абыройы бар. Димаш Құдайберген қазылар алқасында отырғандықтан, бүкіл әлем қарап отыр ол кісіге. Бүкіл әлемге Қазақстанда тағы қандай әншілер бар екені қызық. Мен сол деңгейді түсіріп алмауым керек екенін ұқтым. Байқауға үш ай дайындалдым», - деді Рухия.
Сондай-ақ сахнада тұрып Димашқа сенбегенін айтты.
«Мен Димашқа сенген жоқпын, тек өзіме сендім. Себебі сахнада тұрған Димаш емес, мен ғой. «Қазылар алқасында ғой, мені алып шығады» деген ой мүлдем болмады. Димаш отырғандықтан, ол екі-үш есе ауыр екенін түсіндім. Себебі айтып кеткенімдей, бүкіл әлем ол кісінің мені қалай бағалап жатқанын қарайды, бақылайды. Қалай бағалайтынын алдын ала аңдып отырғандар да болды. Оның барлығы негізі маған ауыртпалық болды. Оны басында түсіндім», - деді Рухия Байдүкенова.