100-ден астам қылқалам шебері «Тіл және Тәуелсіздік» атты көрме байқауында бақ сынасты
Онда «Тіл және Тәуелсіздік» атты көрме байқауы өтті. Оған майлы бояумен және акварельмен салынған шыныдан жасалған, кестеленген сәндік қолданбалы өнер туындылары ұсынылып, үздіктері анықталды. Қылқалам шеберлерінің байқауына жүз елуге тарта туынды ұсынылды. Суретшілер бейнелеу өнері арқылы «Тіл мен Тәуелсіздік» ұғымын сан қырынан көрсетуге тырысты. Солардың ішінен Марат Әбдреевтің «Бабалар арманы» картинасы «үздік» деп танылды.
Марат Әбдіреев, байқау жеңімпазы:
- Бүркіттің қанатының астында қазіргі өмірімізді бейнелейін дегенмін. Мынау – өзіміздің байырғы заманнан келе жатқан тіл. Тәуелсіздікті аңсаған аталарымыз. Астана – қазіргі өзіміздің армандаған өміріміз. Қазіргі қазақтардың бейбіт тірлігі.
Байқаумен қатар лингвист ғалымдардың алқалы жиыны өтті. «Тіл – ең асыл құндылық» тақырыбындағы басқосуда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мәселелері талқыланды.
Оразгүл Асанғазы, мемлекет және қоғам қайраткері:
- Бұрын министрлікте Тіл басқармалары департаменттері болған. Барлығын қысқартып тастаған. Ал шын мәнінде мемлекеттік тілді қолданысқа енгізу үшін министріліктерде де, облыстарда да атқаратын жұмыс өте көп. Сондықтан бес облыста ғана қалды. Сол бестің бірі – Алматы облысы. Егер біздің экономикамыз дамысын десек, саяси тұрғыда «мықты, рухты ел боламыз» десек, тілімізді қолданысқа енгізуіміз керек.
Шара Қазақстан халқы тілдері күні аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Болат Керімбек, облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы:
- Биыл Алматы облысында «Тіл тұғыры» фестивалі аясында 820 іс-шара өтіп жатыр. Соның төртеуі – республикалық, 14 – облыстық, 802 – аудан, қалаларда өтіп жатыр. Тіл айлығы бір апта деңгейінде ғана өтіп жатқан жоқ. 5 қыркүйектен бастап 25 қазан аралығында ұйымдастырылуда.
Жиын соңында тіл жанашырларының ұсыныс-тілектері тыңдалып, арнайы қарар қабылданды. Енді соның негізінде жұмыстар атқарылмақ.
Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов