Атырау өлкетану музейінде Елбасы мен Сарайшық қаласына арналған көрме залдары ашылды
Оның біріншісі Тұңғыш Президентке арналған. Мұнда Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы мен өмір белестері және мемлекеттік қызмет жолдары, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары шыққан маңызды құжаттардың көшірмелері бар. Ал «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» залына келушілер Қазақ хандығының алғашқы астанасы болған Сарайшық қаласы жайлы құнды мәліметтермен танысып, көне жәдігерлерді көре алады.
Ақылбек Рысқалиев, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы:
- Жалпы мемлекетіміздің қалыптасуындағы Елбасының маңызды рөлі осы экспозициялық көрмеде ерекше көрініс тауып отыр. Сонымен қатар бұл залда осынау Ұлы Жібек Жолы бойындағы Алтын Орданың астанасы болған қалалар туралы деректер, соның ішінде Сарайшық қалашығына қатысты археологиялық қазбалар, онда табылған құнды жәдігерлер, Ұлы ұлыстың басты рәміздері осы көрмеде орын тауып отыр.