9 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан «Тесть-драйв» фильмі көрсетіле бастайды
Тіпті тәп-тәуір деуге тұрарлық. Түрлі жанрда таспаланған туындылар көрерменнің көңілінен шығып жатыр. Отандық киноиндустрияның қоржыны тағы бір туындымен толықты. 9 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан «Тесть-драйв» фильмі көрсетіле бастайды. Кеше ғана фильмнің продюсері арнамызға сұқбат берген еді.
Не десін?! «Баласы бәйге шапса, анасы тақымын қысады» демекші, өнім патша көңілді көрерменнің көңілінен шыға ма деп аздап толқып тұр. Өйткені біраз тер төккен. Фильмнің желісі қарапайым. Жұмбақ шешіп, ойланудың қажеті жоқ. Тек демалып отырып, бір деммен көріп шығуға болады.
Дмитрий Кириенко, фильмнің продюсері:
- Қазақстандық туындыны таспалау үшін алыстан бірдеңе іздеп қажет емес. Осы бар нәрсені ұқсатып, күнделікті өмірде кездесетін оқиғаларды қағаз бетіне түсіріп, кейін камераға түсіру керек. Менің ойымша, біз бұл жұмысты сәтті аяқтадық. Түсірілім тобы мен режиссердің өнімі ойдағыдай шықты.
Әлгінде ғана махаббатсыз киноны елестету мүмкін емес дедім. Ендеше, мархабат. Махаббаттың көкесі осы кинода. Қарапайым орыс ұлтының жігіті учаскелік полиция қызметкері болып жұмыс істейді. Ол дәулетті қазақ отбасының қызына ғашық болады. Қыз да кет әрі емес. Бірақ әкесі олардың некесіне қарсы. Міне, бәрі осыдан басталады.
Асқар Шафи, фильмнің режиссері:
- Бұл фильм көрерменнің көңілінен шығады деп ойлаймын. Менің режиссер ретіндегі алғашқы жұмысым. Фильмді көрген адам экраннан өзін көргендей болады. Өйткені ондағы кейіпкерлер шынайы өмірде де кездеседі.
Бұл киноның жобасы осыдан екі жыл бұрын туған. Сөйтіп, 25 күннің ішінде фильм таспаланды. Бірақ пандемия бүкіл жоспардың быт-шытын шығарып, туынды екі жыл сөреде шаң басып жатады. Реті енді келген сияқты. Көгілдір экран кеңістігінен екі күннен соң көрерменге жол тартады.