Алматыда танымал әнші Бүркіттің «Супер агенттер» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті
Экшн-комедия жанрындағы туындының көрерменге ой салар тұсы көп. Бүркіттің «Супер агенттері» бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілуде.
Оқиға желісі құпия агент болуды армандайтын, «Матильда» лақап атына ие жігіттің төңірегінде өрбиді. Матильда рөлінде Мейірхан Шерниязов. Күндердің күнінде Матильданың бастығы бас прокурор өзінің Дубайға қашып кеткен қызы Сафияны елге қайтар деп тапсырма береді.
Бүркіт, «Супер агенттер» фильмінің продюсер-режиссері:
- Бұл жерде комедия бар, экшн бар, боевик бар, ішінде бәрі бар. Ең бастысы тәрбиелік мәні бар. Ая Сәдуақасова – жас актрисалардың бірі. Басты рөлде ойнайды. Сюжет бойынша бұзықтау қыз.
Фильмнің режиссері – Бүркіт пен Дамир Тастанбеков. Бүркіттің өзі «Әбеке» атты наркобаронның рөлін ойнайды. Аиша да түскен. Бала күнгі арманының орындалғанына риза болған Матильда құпия бұйрықты орындауға ағасы Секаны ертіп барады.
Серғазы Тоқтарбек, актер, вайнер:
- Бимен айналысатын қаланың қарапайым жас жігіті. Бұл – толықметражды алғашқы түскен фильмім. Өте ұнады. Керемет болды. Енді болашақта тағы түсемін деп ойлаймын. Бірақ біз сценарийға зор көңіл аударамыз.
Матильда мен Сека қандай оқиғаларға тап болады? Бастықтың тапсырмасы орындала ма?
Ол жағын кинотеатрға барып біле аласыздар. «Супер агенттер» бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі. Көрерменге қолайлы болсын деген ниетпен премьера әдейі Наурыз мерекесіне жақын жасалып отыр.
Авторлары: Ұлан Нарынбек, Мұхит Құдықбаев