Сарыағаш тұрғыны Лас-Вегасқа жолдама ұтып алды
Ойын шарты өте жеңіл болды. Kinopark және Kinoplex желілерінен «Маша мен Дударай» фильмін көріп, купон толтырғандар қатысты.
Tiger Films продюсерлік компаниясы түсірген «Маша мен Дударай» романтикалық хикаясы 10 ақпанда прокатқа шықты. Сол күні басталған акция 10 наурызға дейін жалғасты. Ұтыс ойынын өткізуге IBC group компаниясы қолдау көрсеткен.
Еркежан Сүлейменова, IBC group компаниясының аймақтық директоры:
- Білім алғысы, жұмыс істегісі келетін азаматтарға көмектесеміз. Бұл бағдарламадан бөлек маркетинг бөлімі бар. Сол бөлімге ұсыныс келіп түсті, біз қабыл алдық.
Іс-шара әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетілді. Әлемдік шоу-бизнестің орталығы Лас-Вегасқа жолдама Сарыағаш қаласының тұрғынына бұйырды.
Жүргізушілер бірден қоңырау соғып, сүйінші хабарды жеткізді. Көрерменнің ықыласына бөленген «Маша мен Дударай» қазір көрші елдерде көрсетіліп жатыр.
Тәуекел Мүсілім, актер:
- Бұл – тарихта болған оқиға. Орыс қызы қазақ жігітке ғашық болған. Ерекше махаббат хикаясы. Осыны біз жаңа леппен, заманауи тұрғыда түсірдік.
Мария Петлюх, актриса:
- Бұл – менің алғашқы үлкен рөлім. Фильм қазір Қырғызстанда көрсетіліп жатыр. Ал 28 сәуірден бастап Әзербайжанда көрсетіле бастайды.
Романтикалық жанрдағы фильмді Қытай кинотеатрларында көрсету жоспарда бар. Сондай-ақ продюсерлік орталық жақында Германия кинотеатрларымен де келіссөзді бастамақшы.
Авторлары: Ұлан Нарынбек, Валентин Лобанов