Елордамызда «Мың бала» жобасының 43 жеңімпазы марапатталды
Қорытынды жиында олар домбырамен терме айтып, қазақ тіліндегі өлең жырларды оқып өнерлерін көрсетті. Басты мақсат – біздің дәстүріміз бен мәдениетімізді дәріптейтін жаңа орта қалыптастыру,— дейді мамандар. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен бұл шара 7 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Күні бүгінге дейін жобаның арқасында көптеген диаспора өкілдері қазақ тілін жетік меңгеруге талпыныс білдірген.
Алина Бунина, 10-сынып оқушысы:
- Қазағым, дархан-байтақ еліңдемін. Ұлтым орыс болғанымен, жаным қазақ. Ақталар маған артқан сенімдерің.
Ораш Нұрхат, «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары:
- Біріншіден, қазақ тілін дамыту. Екіншіден, қазақ елінің өнерін, әдет-ғұрыптарын, салтын өзге жандар арасында кеңінен насихаттау. Бұл жобаның тарихы тереңде. Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских сөйлескен кезде, осы жобаның бастапқы қатысушысы екен.