Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы: тың деректер анықталды
Алаш қозғалысының 43 қайраткерімен бірге қудалауға түскен Ахмет Байтұрсынов 1932 жылдың қарашасында Ресейдің Архангельск облысына жер аударылады. Биыл арнайы экспедициямен барған топ сол жерде Ахаң тұрақтаған үйді тауып, тіпті тұтынған заттарының сақталғандығына тәнті болды.
Ибрахим Ағытайұлы, А.Байтұрсыновтың туысы:
- Үйдің иесі Вера Васильевна деген кісі, сол үйді салған адамның шөбересінің келіні екен. Содан бір үлкен ағаш керуерт, сосын ағаш шкаф жәшік, екіқабатты, мынау сіздердің аталарыңыз тұтынған нәрселер болуға титісті деп, шоқпен қыздыратын темір үтікті сіздердің аталарыңыз қолданған болуға тиісті сөйтіп көрсетті.
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Ақтерек ауылында көне ағаш үй бар. Бұл тарихи ғимаратта бір кездері ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының сабақ бергенін біреу білсе, біреу білмейді. Академик-ғалым Ақжан Машановтың келтірген деректеріне сүйенсек, ағартушы 1904-1909 жылдары дәл осы жерде дәріс оқыған.
Светлана Әбенова, Ақтерек ауылындағы мектептің директоры:
- Көпке дейін мойндалмаған ғой Ахмет Байтұрсыновтың дәріс бергені жөнінде. Енді ол кісіні білесіздер, Қоянды жәрмеңкесінде болды, Қарқаралы петициясын жолдады. Ағарту ісін жолға қоюға үлкен қызмет атқарды ол кісі.
Ахаңның жан жары Александра мұсылманша есімі Бәдрисафаның да қилы тағдырының беймәлім тұстары көп. Ұлы тұлғаның сенімді серігі, адал жары туралы өмір-дерек анық емес. Тіпті әлі күнге жерленген жерін де нақ басып айту қиын. Жақында зерттеушілер құнды құжат Бәдрисафаның Горькийдің әйелі Екатерина Пешковаға жазған хатын тапты.
Алмас Әбсадық, филиология ғылымдарының докторы, профессор:
- Бұл хатта ол кісі Пешковаға мынандай сауал жолдайды. «Менің күйеуімді 15 тамызда ұстады. Соден бері хабар жоқ. Сол күйеуімнің қайда екенін біліп берсеңіз» деп хат жолдайды Ал енді бізге белгілісі нақты деректермен айғақталған Ахмет Байтұрсынұлын 37 жылы 8 декабрінде атып тастаған. Демек Бәдрисафа Байтұрсынова өзінің күйеуінің қайтқаын 7-8 ай көлемінде білмейді.
Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы сынды алаш қайраткерлерінің сан-салалы мұрасынан алар тағылым мол. Сондықтан да Алаш қозғалысына өткен дәуірдің тарихы ретінде ғана қарамай, оны тәуелсіздік мұраттарымен сабақтасып жатқандығына мән беріп, өрісті өнеге, ғұмырлы ғибрат алғанымыз жөн, — дейді зертеуші ғалымдар.
Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг