Елордада республикалық ақындар айтысы өтті
Өткір мәселелерді өрнектеп, қарашаның хәлін биліктегілерге жеткізуге тырысты. Додада оза шапқан қызылордалық ақын Мейірбек Сұлтанхан бас жүлдені иеленді. Ал жүлделі бірінші орынды түркістандық және ұлытаулық ақындар өзара бөлісті. Үшінші орын төрт бірдей ақынға бұйырып, ат терлетіп келгендердің бәріне қомақты сый-сияпат табысталды. «AMANAT» партиясының қолдауымен бұл іс-шара жалғасын таппақ.
Асхат Оралов, «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы:
- Айтыс – қазақтың бойтұмары, ата-бабаларымыздан аманат болып жеткен киелі өнер жәдігері. Сондықтан «AMANAT» партиясы осы еліміздегі ешбір қиындыққа қарамай, сынақтарға қарамай осы жылдың өзінде бір қатар республикалық айтыстарды ұйымдастырған болатын. Осы жобаларды келесі жылға жоспарлап, міндетті түрде дәстүрге айналармыз деген ниетіміз бар.