Еліміздің ақпараттық кеңістігі тағы бір телеарнамен толығады
Арнада мәдени-ойынсауық бағдарламалар, елімізде тұратын этномәдени бірлестіктердің жұмысы көрсетіледі. Жаңа канал 2023 жылы 15 қыркүйектен бастап кабельдік таратылымға қосылады.
Саида Үкібаева, Бас продюсер:
-Біздің көпұлтты мемлекетіміз ерекше тарихымен белгілі. Бір шаңырақ астында жиналған 100-ден аса ұлт өкілдерін осы телеарна арқылы көрсетіп, әр ұлттың өз тарихымен, тұлғаларымен бөлісуіне жағдай жасағымыз келеді.