2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша барлығы 555 стипендия бөлінді
Оның ішінде магистратураға 395, резидентура және докторантураға 50, тағылымдамадан өтуге 110 стипендия қарастырылған. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринның төрағалығымен өткен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі комиссияның отырысында айтылды. «Болашақ» бағдарламасына қатысуға құжат тапсыру биыл қыркүйек айына дейін жалғасады.