Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының ХVI құрылтайы өтті
Еліміздегі ең ірі және ең алғашқы қоғамдық ұйымның жаңа төрағасы болып қаламгер, журналист Мереке Құлкенов сайланды. Жаңадан сайланған Төрағаның ұсынысымен Басқарма мүшелеріне Одақ төрағасының орынбасарлары мен хатшыларының кандидатурасы ұсынылып, көпшілік дауыспен мақұлданды. 5 жыл сайын өтіп ұйымдастырылатын дәстүрлі жиынға бұл жолы еліміздің әр өңірінен 538 адам қатысты. Жалпы Қазақстан жазушылар одағының мүшелер саны 970 адамға жеткен. Өткен 5 жылдық жұмыс бойынша есеп беріліп, алдағы уақытта атқарылмақ істер туралы баяндама жасалды.
Мереке Құлкенов, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы:
-Стратегиялық әріптес деген пунктпен заң бойынша енді Қазақстан жазушылар одағын мемлекет қаржыландыратын болады. Бюджетке кіреміз құдай қаласа, сонда біздің Жазушылар одағының өзінің жағдайы да, жазушылардың да жағдайы жақсарады. Ақын-жазушылардың кітабын шығаруға да мемлекет қатты көңіл бөліп отыр. Мысалы, сіздің 20 баспа табақ кітабыңыз шықса оған гонарарға 5 млн ақша аласыз.