«Тұмар-2023» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды
Телевизия саласында тер төгіп жүргендердің арасынан қаламы жүйрік жеңімпаздар анықталды. Алдымен 12 номинация бойынша қатысушылар қызыл кілемнен өтті. Ал алғашқы жеңісті «Хабар» арнасы қанжығасына байлады. Үздік деректі фильм бойынша «Абайдың соңғы күндері» алғаш рет беріліп жатқан Камал Смайылов атындағы сыйлыққа ие болды. «Тұмар-2023» ұлттық бәйгесіне биыл 300-ге жуық өтінім келіп түскен. Республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар мен кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар қатысты.
Еркін Байғабылұлы, «Үздік тележүргізуші» номинациясының иегері:
- Мұндай байқаудың жылда өткізіліп тұрғаны өте тамаша. Биылғы жылдың тағы бір ерекшелігі – үздік спорт комментаторы деген номинация қосылып отыр. Сонымен қатар телевизия саласының негізін қалаған Камал Смайылов сияқты ағаларымыздың атындағы номинация да биыл бірінші рет шығып отыр.