Жезқазғанда «Ақсақ құлан» күйшілер сайысы өтті
Жезқазғанда Кетбұқа би атындағы «Ақсақ құлан» күйшілер конкурсы өтті. Осымен екінші рет ұйымдастырылған халықаралық додаға еліміздің әр аймағынан және Қытайдан келген өнерпаздар қатысты. Олар Кетбұқа бидің күйлерін нақышына келтіре орындап, туындылардың шығу тарихын баяндады. Кетбұқа – өз заманында батыр, би. Жырау-күйші болған. Оның «Нар идірген», «Жошы хан», «Ақсақ құлан», «Ел бірлігі» атты туындылары халық арасында кең тараған. Өнер сайысында астаналық Бекзада Достиярова жеңімпаз атанды.
Төлеген Бүкіров, «Қазақтың Кетбұқасы» ҚБ төрағасы:
-Өткен тарихымыз жоғалуға айналған, соны халық арасында дәріптеу, болашақ жастарға жол көрсету, мұны әлі де Кетбұқа бабаны зерттеу жұмысы аяқталды деп ойламаймын. Бұл – бастауы.
Тойбол Жеңісұлы, байқауға қатысушы:
-Мен осы Кетбұқа бидің топырағынан Қытай елі, Іле облысы, Тоғызтарау ауданынан келіп отырмын. Неше түрлі консерваториядан, академиядан, Қазақстанның жер-жерінен, шетелден келген азамат көп болып жатыр. Жарыс өте күшті болып жатыр.