«Қыз Жібек» Париж тұрғындарына көрсетілді
Қазақ киносында аты аңызға айналған «Қыз Жібек» Париж тұрғындарына көрсетілді. Қазір мұнда қазақ киносының фестивалі өтіп жатыр. Іс-шара осымен бесінші рет ұйымдастырылды. Бұл жолғысы режиссер Сұлтан Қожықовтың дүниеге келгеніне 100 жыл толуына арналған. «Қыз Жібек» осыдан 10 жыл бұрын Францияда Азия киносының еуропалық фестивалінде алғаш рет көрсетілген. Қазақстандық фильмдердің дамып, өркендеуіне қосқан үлесі үшін Везульдегі фестиваль дирекциясы атынан отандастарымызға алтын адам мүсіні табысталды.
Қазақ киносының бесінші фестивалінде Қыз Жібектен бөлек Бақыт драмасы, «Тау пиязы» комедиясы, Денис Тен сценариі бойынша түсірілген деректі фильм көрсетіледі. Ал бағдарлама соңында әйгілі «Дос-Мұқасанның» музыкалық фильмінің тұсаукесері өтеді.
Меруерт Өтекешова, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі:
- Ойламаған жерде келдім. Бір жағынан үлкен қуаныш, екінші жағынан бір өкініш, жанымда Төлегенім жоқ. Фильмның режиссері Сұлтан Қожықов түсірген. Биыл ол кісінің 100 жылдығы. Сұлтан аға ешқашан ойлаған жоқ, сол Францияда, Парижде 50 жылдан кейін осындай премьера болатынын.
Сами Насери, актёр:
- Бұл тамаша дәстүрлі фильм, киімдері қандай керемет. Ал басты кейіпкерін сомдаған актриса Францияда Катрин Денев пен Эдит Пиаф бола алар еді. Сондай сұлу.