Семейде екі күн бойы Әміре Қашаубаевтың әндері әуеледі
Абай облысының орталығында әйгілі әншінің 135 жылдығына орай «Жалғыз арша» атты дәстүрлі әншілер байқауы өтті. Халықаралық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылған сайысқа еліміздің әр өңірі мен шет мемлекеттерден 40 жуық өнерпаз қатысты. Байқаудың бас жүлдесін Жетісудан келген дәстүрлі әнші Мағжан Сатыбалды иеленді. Оған 2 млн теңге табысталды.
Мағжан Сатыбалды, байқау жеңімпазы:
- Бірінші турда Әміре атамыздың репертуарынан «Ағашаяқ» деген ән жігіттерге міндетті ән болды. Жалпы байқау күшті деңгейде өтті. Өте жоғары деңгейде өтті. Қатысушылардың барлығы өте мықты.
Айбек Бекбосынов, Әміре Қашаубаев атындағы облыстық мемлекеттік филармонияның директоры:
- Әміре Қашаубаевтың халықаралық деңгейдегі байқауы Семейде өтуі - заңдылық. Неге десеңіз, ол кісі - осы жердің тумасы. Біз енді Абайымызбен, Шәкәрімімізбен, Әміремізбен мақтанатын жұртшылықпыз. Республикалық байқау екі жылда бір, алдында 4 жыл бұрын өтетін. Қазір жыл сайын өтеді екен. Осы халыаралық дүниені жылда өтсе екен деп тілеймін.