Қажымұқанның қанжары табылды
Ұлттық музей қоры бүгін Қажымұқан Мұңайтпасұлының қанжарымен толықты. Тарихи жәдігерді Атырға 1912 жылы Ыстамбұл қаласының әкімі Шағыр паша сыйға тартқан екен. Дәл сол кезде Мұқан Түркиядағы белдесуде жергілдікті балуан Нуруллахты жеңеді. Оның өнеріне тәнті болған әкім қазақ батырын қажылық жасауға шақырған. Ал сапар соңында естелік ретінде осы араб қанжарын тарту етіпті. Содан кейінгі 111 жыл бойы жәдігердің қайда болғаны белгісіз. Жуырда жеке коллекционерлердің қолынан Парламент Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаров тапқан. Қанжардың бір бетіне арапша «Күшті, жеңілмейтін Мұңайтпасов Мұқанға» деп жазылған.
Ардақ Назаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Осы қанжар маған көрсетілді. Содан кейін белгілі бір адамдарға сатылайын деп жатқан жерінен, қолды болып кетейін деп жатқан жерінен мен айттым жоқ бұл музейде тұруы керек. Оны біздің ұрпақтарымыз көру керек және ол тарихи жәдігер елге қайту керек, ол – хылықтікі.
Қалиолла Саматұлы, этнограф-ғалым:
- Жұмысына қатыстымын. Музей бізді, мамандарды шақырды. Соның бәрінде 2 рет отырдық. Сонда оның жанағы тарихи дәлдігіне көзіміз жетіп, куәлігімізді бердік. Бұл енді тарихи дүние.