Наурыз — тіршілікті түлете келетін нағыз табиғи жыл басы
Жаңа жыл — күнтізбенің жаңа парағын ашатын маңызды меже. Бірақ мен үшін қастерлі мереке емес. Оның үстіне, өзіміздің төл жаңа жылымыз – әз-Наурызды естен шығармаған жөн. Мемлекет басшысы осылай деп, төл мерекенің мазмұнын байытып, жаңаша атап өту керектігін айтты. Себебі бұл мейрам — тіршілікті түлете келетін нағыз табиғи жыл басы. Мамандар да бұл пікірмен келіседі. «Тіпті биылғы құрылтайдың көктемде өтуі мерекеге жаңаша сипат береді»,— дейді.
Талғат Қалиев, «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС директоры:
- Күнтізбе ауысқаннан басқа ешқандай өзгерістер жоқ жаңа жылда. Ал наурыз болса, ол біздің көшпенділерге ерекше мереке болатын. Өйткені көктем басталатын. Ұлттық құрылтай да осы көктемде өтетін болды. Ол да наурызға байланысты шығар. Өйткені біз енді егер баяғыдан бері жылды көктемнен бастап жүрсек, сол жоспарды да көктемнен бастап жобалау керекпіз.