Алматыда Мұстафа Кемал Ататүрікке ескерткіш қойылды
Реформатордың мүсіні Әл-Фараби даңғылы бойындағы «Мұстафа Кемал Ататүрік» саябағына орнатылған. Аталған саябақ өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркия елінің 100 жылдығына орай аталған болатын. «Түрік елін жаңа белдеуге шығарған саясаткердің еңбегі мен өнегелі жолы бір ұлтқа ғана емес, жалпы түркітілдес елдер үшін үлгі боларлық»,— дейді шараға қатысушылар. 3 метрлік қола ескерткіштің тұғыры граниттен жасалған.
Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:
-Мемлекет басшыларының арқасында осы күндері біздің елдер арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріліп, қазіргі таңда барлық салаларда қарқынды дамып келеді. Әсіресе бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастық алтын көпір болған мәдени байланысымыз зор.