1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі енгізілетін болды
Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа автоматтандырылған жүйесі 1 шілдеден бастап қосымша 22 мемлекеттік органда енгізілетін болды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолмановтың айтуынша жаңа формат тиімділігін көрсеткен. Тағы бір жаңалық, көктемгі тасқын болған кейбір өңірлерде іріктеудің келесі кезеңдері биылғы маусым айынан тамызға ауыстырылды. Іріктеуге қатысуға барлығы 11 505 өтінім түскен.