С.Нұрмағамбетовке 100 жыл: 12 университетте дәріс оқылды
Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына – 100 жыл. Осыған орай еліміздің 12 университетінде бір сағатта ұлт батырының өмір жолы жайлы дәріс оқылды. Оған 2,5 мыңнан астам студент қатысты. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл іс-шара жастардың бойындағы патриоттық рухты оятып, өмірлік бағдарын айқындау мақсатында қолға алынған.
Жуырда Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай да осындай дәрістер өткізу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, бұл – Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда ерекше тоқталған мәселелерінің бірі. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сұрапыл соғыс кезіндегі аға буынның өшпес ерлігі мен ерен еңбегін ұрпақ жадында жаңғырту өте маңызды», - деді.
Асқар Мұстабеков, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, генерал-майор:
- Осындай шаралар тұрақты негізінде біз жастарымызды белсенді азаматтық өмірге тартамыз және оларға патриотизм сезімін ұялатамыз. Себебі патриотизм Отанға, батырларына, тарихына, мәдениетіне деген сүйіспеншілікті тудырады.
Қайнар Нұриллаұлы, студент:
- Ол үш жылдық әскери білімін 3 айда алғаны бізді қатты таңғалдырды. Осындай лекциялар көбірек өткізіліп тұрса, ол жастраға өте пайдалы деп ойлаймын.