Астанада «Өзгерістер толқыны» атты балалар көрмесі ашылды
Әлем баланың көзімен. Бүгін Астанада «Өзгерістер толқыны» атты балалар көрмесі ашылды. Оған Павлодар облысы, Ақсу қаласы балалар өнер мектебінің шығармашылық жұмыстары қойылды. «Ұлы дала», «Қуаныш», «Көктем», «Дала биі» сынды 40-қа жуық туынды көрермен назарына ұсынылды. Мұндағы әр картинадан баланың ішкі жан дүниесі мен оның әлемге, болашаққа деген көзқарасын байқауға болады.