Б. Соқпақбаевтың повесі орыс тілінде қайта басылып шығады
Балалар әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» атты повесі орыс тілінде қайта басылып шығады.
Биыл әйгілі қаламгердің туғанына 100 жыл толып отыр. Жазушының мерейтойына орай «Менің атым Қожа» туындысы әзербайжан тіліне тәржімаланды. Сондай-ақ «ТҮРКСОЙ» ұйымының ұйытқы болуымен қаламгердің «Өлгендер қайтып келмейді» романы түрік тіліне аударылды. Бұған дейін «Менің атым Қожа» шығармасы да 5 мың данамен түрік тілінде басып шығарылған. Биыл қаламгердің шығармалары ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени-әдеби мұра қорына енгізілді.
Самал Соқпақбаева, Б.Соқпақбаевтың қызы:
- Кітап туралы әңгіме шыққанда бәрінің айтатытыны – бұл Қожаны оқып отырып біз өзімізді танимыз. Әр қазақ өзін танып отырады. Бұл мен ғой. Менің әрікетім, менің де осындай жағдайларым болды деп. Сондықтан бұл нағыз өмірге жақын, ешқандай артық бояусыз. Шынымен болған дүниені жазғаны үшін, халық сол үшін жақсы көретін шығар деп ойлаймын.