Хабар телеарнасы

Алматыда XVII «Еуразия» кинофестивалі өтіп жатыр

Алматыда 17-ші халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне 15 елден ұсынылған 12 фильмнің көрсетілімі басталды. Байқау 29 қарашаға дейін жалғасады. Ал Орталық Азия елдері мен түркі әлемі режиссерлерінің арасындағы байқауға 9 картина қатысады.

Халықаралық қазылар алқасының төрағасы – «Алтын пальма бұтағы» сыйлығының иегері, түрік режиссері Нұри Білге Жейлан. Ол қазақстандық кинематографияның дамуын жоғары екендігін айтып, отандық режиссер Дәріжан Өмірбаевтың туындыларын ерекше атап өтті.  

Нұри Білге Жейлан, халықаралық қазылар алқасының төрағасы: 

- Қазақ және Орталық Азия киносынан сапаның жақсарып, түрлі жанрдағы фильмдердің артып келе жатқанын көреміз. Дегенмен стандартты қалыптан шығу үшін өзіндік көзқарасы бар, өз аймағы мен халықтың болмыс-бітімін түсінетін жаңа режиссерлер қажет.