Павлодардағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Сексен жылға сексен кітап» атты көрме өтіп жатыр. Онда 1941-1945 жылдар аралығында жарық көрген көркем әдебиеттер мен ғылыми басылымдар сақталған. Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі «Абай жолы» романының орыс тіліндегі нұсқасы 1943 жылы Мәскеуде басылып шыққан екен. Сонымен қатар Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ батыры» повесі 1945 жылы Алматы қаласында жарық көрген. Оқырман назарына майдан жылдарындағы көркем әдебиеттен бөлек инженерлік-техникалық анықтамалар да ұсынылған. Көрме мамыр айына дейін жалғасады.
Шолпан Шахметова, С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың директоры:
-Әрине, былай қарасақ қарапайым кітаптар, көзге көрінбейтін, білінбейтін, бірақ қарасақ әбден оқылған кітаптар. Тура беттері де кірленген, майысқан. Ол енді уақыттан емес, әрине адамдар пайдаланғаннан кейін солай болып тұр. Оның ішінде жаңағы сала бойынша көркем әдебиет бойынша кітаптар бар.