Хабар телеарнасы

«Әлихан мен Әйкерімнің саяхаты» атты тарихи комикс жарыққа шықты

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Әлихан мен Әйкерімнің саяхаты» атты тарихи комикс жарыққа шықты. Туынды оқушыларға тарихты қызықты әрі көрнекі етіп жеткізуге тырысқан. Мазмұны ортағасырлық Бозоқ қалашығы археологиялық қазбалардың тарихи мәліметіне негізделген. Жоба демеушілердің қолдауымен үш тілде әзірленген.

Жанболат Қазанбаев, «Бозоқ» музей-қорығының ғылыми қызметкері:

-Бозоқ музейінің территориясындағы болып жатқан жағдайлар Әлихан мен Әйкерімнің арасындағы қарым-қатынасты комикс арқылы көрсетіп жатырмыз. Қазақстан жеріндегі көне қалалар, көне жәдігерлер, тарихи сюжеттерді осы комикс арқылы жас өсіп келе жатқан ұрпаққа жеткізу.