Нұр-Сұлтанда коронавирус індетінен тағы бір адам көз жұмды

50 жастағы науқас 21 наурызда ауруханаға түскен. Бір ай бойы ауырған, дегенмен медициналық көмекке жүгінбеген. Қазір ол кісімен қарым-қатынаста болған 55 адам үй карантиніне жатқызылды. Ал екі отбасы мүшесінде коронавирус инфекциясы анықталғаны белгілі болды.
Айта кетейік, Қазақстан бойынша коронавирустан барлығы 2 адам қайтыс болды.