Хабар телеарнасы

Семейде жасөспірімге қорлық көрсеткендерге қатысты шешім шықты

Семейде балаға зорлық-зомбылық көрсету дерегінен кейін №9 мектептің директоры қызметінен босатылды. Оның орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды. Екінші мектептің директор орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Еске салсақ, бір топ баланың 6-сынып оқушысын аяусыз ұрып-соққан. Абай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, комиссия үш жеткіншіктің әке-шешесін ата-ана құқығынан айыру туралы шешім қабылдаған. Ал 4 бала арнайы мектеп интернатқа жіберілуі мүмкін.