Павлодар облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

  • 11
  • 23.09.2025, 19:59

Қайғылы оқиға «Павлодар–Қызылорда» автожолында болды.

Алдын ала мәлімет бойынша Toyota Lucida маркалы жеңіл көліктің жүргізушісі қозғалыс қауіпсіздігін сақтамай, жүк көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан жеңіл көлік өртеніп кеткен. Жүргізуші мен көлікте болған төрт жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.