Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Алматыда психотроптық зат таратпақ болғандар ұсталды

  • 1145
  • 03.09.2026, 19:40

Алматыда өте қауіпті есірткі – мефедронды заңсыз айналымға шығарды деген күдікпен екі адам ұсталды. Күдіктінің бірі 23, екіншісі 46 жаста. Олардың көлігінен 392 грамм мефедрон тәркіленген.

Тергеу мәліметінше, ер адамдар психотроптық заттарды Жетісу облысының аумағында сатқан. Қазір екеуі де қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл іске қатысы бар өзге де адамдар анықталып жатыр.

Мефедрон – өте зиянды зат. 2-3 рет дәмін татқан адам тез тәуелді боп, айықпас дертке ұшырайды.