Павлодарда екі тұрғынның үйінен 60 келі марихуана табылды

  • 35
  • 03.09.2026, 19:39

Павлодар облысында есірткі тасымалына тосқауыл қойылды. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жедел қызметкерлер прокуратураның үйлестіруімен аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізбек болған күдікті екі жергілікті тұрғынды ұстады. Тінту барысында олардан жалпы салмағы 60 келі кептірілген марихуана, ақша, ұялы телефондар, банк карталары мен түрлі құрал-жабдықтар тәркіленді. 

Ғабит Қабдрахманов, Павлодар облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы:

- Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Полиция ұсталғандардың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.