Марқұм болған әскерилердің отбасыларына жан-жақты, материалдық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Бүгін таңертең екі азаматтың мәйіті табылды. Олар - мерзімді қызметтегі сержант Мансұр Айтбайұлы Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлы екені анықталған. Осылайша, әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қаза тапқандардың саны 14-ке жетті.