Қорғаныс министрлігі жүйесінен бес лауазымды тұлға ұсталды

  • 12
  • 25.09.2026, 18:51

Әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты іс бойынша Қорғаныс министрлігі жүйесінен бес лауазымды тұлға ұсталды. Олардың қатарында әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы, екі әскери бөлімнің командирі, сондай-ақ теңіз жаяу әскерлері ротасының және «Қайсар» катерінің командирлері бар. Барлығы да күдікті деп танылып, Ақтау қаласындағы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында жауапты лауазымды тұлғалардың әрекеттері зерделенуде. Ішкі істер министрлігі іске қатысы бар басқа да адамдардың шеңберін анықтап, оларды ұстау мақсатында тиісті шараны  жалғастыруда.