Қордайдағы тәртіпсіздікке қатысты 90 қылмыстық іс қозғалды
Кикілжің кезінде тәртіп сақшыларына күш қолданғандар қамауға алынып, олардың ісі сотқа жіберілген. «Қарияны соққыға жыққандар да қамауда», – деді министрлік өкілі.
Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:
- Басқа қатысушыларға, яғни оқ атқандарға, арандатушыларға қатысты ақпаратты кейін таратамыз. Қазір тергеу жүріп жатыр, оған екі ай кетеді. Дегенмен қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес егер қосымша зерттеулер мен сараптамалар жүргізілуі тиіс болса, бұл мерзім ұзартылуы мүмкін. Тәртіпсіздікке көп адам қатысқандықтан, жұмыс ауқымды.