Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Астана» спорт клубына қатысты істі тергеп жатыр
Тергеу «Астана» кәсіби спорт клубының директоры Аманбек Кульчиковтің «Astana Pro Team» велокомандасының жетекшісі Ләззат Шәмшиева мен «Astana Motorsports» жетекшісі Артур Ардавичустың қылмыстық тәсілін анықтаған. Тек ұшақпен жүруге 100 млн теңгедан аса қаржы жұмсалып, оның игілігін олардың отбасы мүшелері мен спортқа еш қатысы жоқ тұлғалар көрген. Демеушілерден 200-ден астам брендтік велосипедтерді тегін алып, қажет болмаса да, тағы 6 велосипед алуға, өзге компаниямен келісім жасап, қомақты ақша аударады. Бірақ іс жүзінде тауарды алмаған. Мұның бәрі 2016-2018 жылдары жасалған. Бүгінде Кульчиков және Шәмшиева Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамауда отыр. Ал Ардавичусқа халықаралық іздеу жарияланды.
Сымбат Исрапулова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі серіктестік департаментінің бас сарапшысы:
- Кульчиков және Шәмшиеваға қатысты сот 2 ай мерзімге қамауда ұстау, бұлтартпау шарасын санкциялады. Ардавичусқа халықаралық іздеу жарияланды. Іс бойынша күдіктілердің Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы қымбат мүліктері, автотранспорттық құралдар, элиталық пәтерлер, жер учаскелері қоса анықталып, оларға тыйым салынған.