17:00Эфирде:«Абайдың әндері» концерті
18:40 Әрі қарай: Мультфильм «Тарзан»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артты

  • Категория: Оқиға
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артты

Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырған 1 адам тiркелді.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 26 наурыздағы 22:20-дағы жағдай

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Жамбыл облысында тiркелді. Осы сағатта Жамбыл облысында 2 адам анықталды. Жалпы 112 науқас тіркелді.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 26 наурыздағы 21:00-дегі жағдай

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Қарағандыда анықталды, жалпы елімізде 111 науқас тіркелді

Қазақстандағы коронавирус бойынша 26 наурыздағы 16:20-дағы жағдай

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 адам тiркелді. Алматы қаласында – 6 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 6 адам. Осы сағатта жалпы 109 науқас тіркелді.

26 наурыздағы сағат 12:20-да Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 55 адам, Алматы қаласында 34 адам, Қарағанды қаласында 2, Шымкент қаласында 2 адам, Алматы облысында 1 адам, Ақтөбе облысында 1 адам, Жамбыл облысында 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам, жалпы республика бойынша 97 науқас тіркелді.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 26 наурыздағы сағат 08:25-тегі жағдай

Коронавирус жұқтырған тағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 26 наурыздағы сағат 08:05-тегі жағдай

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. Алматы қаласында 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 3 адам.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 26 наурыздағы сағат 01:10-дағы жағдай

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді.