Хабар телеарнасы

Нұр-Cұлтанда коронавирустан айыққан 12 адам ауруханадан шығарылады

Нұр-Cұлтанда коронавирустан айыққан 12 адам ауруханадан шығарылады

Оның мәліметінше, коронавирустан айыққандардың жағдайы жақсы, шағымдары жоқ. Олар бүгін, яғни 28 наурыз күні ауруханадан шығарылады. Олар тағы екі апта бойы үйдегі карантинде отыруы керек. Бүгінде жұқпалы, провизорлық және карантиндік ауруханаларда 1406 адам жатыр. Олардың 105-і бала. Наурыздың 22-сі мен 27-сі аралығында Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген 18 рейс жолаушыларына зертханалық сараптама жасалды. 1500-ге жуық адамның үшеуі індет жұқтырған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, мамандар қатал талапқа көшкен. Себебі, қала тұрғындары аурудың салмағын әлі де түсінбеген сияқты.

Еске сала кетсек, осыған дейін елімізде 3 адам (екеуі елордадан, біреуі Алматыдан) кесірлі вирустан айыққан еді. Қазіргі сәтте жазылғандардың жалпы саны – 15.