Қарағанды облысының бірнеше қаласына және Атырауға карантин енгізіледі
Қанат Асқаров, Қарағанды облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:
- Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары, мен келесі қалаларда карантин енгізу туралы Қаулыға қол қойдым: Қарағанды, Саран, Шахтинск, Абай, Теміртау. Қазіргі уақытта коронавирус ауруының 7 жағдайы тіркелді. Олардың барлығы Қарағандыда анықталды. Бірақ серіктес қала тұрғындарының 25% Қарағандыға жұмысқа және басқа да істерге келгенін ескере отырып, осы қалаларда коронавирусты одан әрі таратуға жол бермеу үшін карантин қабылданды.
Қаулымен карантин аймағының талаптарын орындау үшін шаралар белгіленген. Олар 30 наурыз 00:00-ден бастап, яғни жексенбі түнде енгізіледі. Денсаулық сақтау басқарма басшысының айтуынша, бюджеттік қаражатқа 7 сәуірде облысқа түсетін экспресс-тест партиясы сатып алынуда. Тестілеу клиникалық көрсеткіштері болған жағдайда аумақтық емханаларда тегін жүргізіледі.
Сондай-ақ Атырау қаласы 30 наурыз сағат 00:00-ден бастап карантинге жабылады. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.