Алматы облысында таудың етегі опырылып, екі үйді басып қалды
Жауын-шашыннан кейін төмен сырғыған сары балшық үйлердің бірінің терезесіне зақым келтіріп, баспана ішіне жайылған. Тағы бір үйдің қабырғалары жарылды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Шамамен 360 текше метр тау жынысы опырылған. Оқиғаның нақты себептері мен шығын мөлшерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
Айдос Аманқажыұлы, Талғар аудандық ТЖБ бастығы:
- Мына оныншы үйдің терезесі сынып, ішке қарай топырақ түскен. Қазіргі уақытта аудан әкімінің бұйрығымен екі техника бөлініп, топырақты шығару жұмыстары орындалады.