Хабар телеарнасы

Шымкентте заңсыз қоқыс алаңдары жойылды

Шымкентте экологияны сақтау бағытындағы жұмыстарға салғырт қарағаны үшін 3 аудан әкімінің орынбасары айыппұл төлейтін болды. Қалада 35 заңсыз қоқыс алаңы жойылды. Оның 10-ы арнайы жүргізілген мониторинг кезінде, 25-і ғарыштан жүргізілген бақылау барысында анықталған. Енді қоқыс алаңдары арнайы бейнебақылау камералары арқылы бақыланады.

Ермахан Қозыбаев, қалалық экология департаментінің басшысы:

- 2022-2023 жылдармен салыстырғанда азайып келе жатыр. 2022 жылы 40 нүкте анықталса, 2023 жылы 26 нүкте анықталды. 2024 жылы 25 нүкте анықталған. Қазіргі уақытта осы нүктелердің барлығы толық залалсыздандырылып, тазаланды.