Хабар телеарнасы

БҚО мен Ақтөбе облысының шекаралас ауылдары су астында қалды

Бүгінде бұл аймақтарға Атырау мен Маңғыстау облысынан құтқарушылар көмекке аттанған. Үкімет үйінде журналистердің сұрақтарына жауап берген Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин осылай деді.

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі: 
- Қазіргі уақытта жалпы саны 51 үй су астында қалды. Оның 45-і БҚО, алтауы Ақтөбе облысының аумағында. 240-тан астам адам қауіпсіз жерге жеткізілді. 20 астамы уақытша эвакуациялау бекеттеріне орналастырылды. Қалғандары туыстарын паналап жатыр. Жағдайды жіті бақылау жұмыстары жалғасуда.